2023 жылғы 10 қазанында Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, жастар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықтың, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананың қалыптасуының алдын алу бойынша әңгіме ұйымдастырылды. Кездесуге Есіл ауданының прокуроры Т. А. Сапаров, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е. Ж. Еслямбеков және Есіл ауданы әкімінің орынбасары А. К. Бектасова қатысты. Сөз сөйлеушілер студенттерге құқық бұзушылықтардың түрлерін, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды және құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік түрлерін назарға жеткізді. Бірінші курс студенттерімен бөлек әңгімелесу өткізілді, онда олардың жаңа ортаға бейімделуі, жоғары курстармен қарым-қатынас, колледждің ішкі тәртіп ережелері туралы мәселелер қарастырылды. Кездесу соңында қонақтар «тәуекел тобының» студенттерімен бірнеше жеке әңгімелер өткізді. Мұндай іс-шаралар дұрыс ұйымдастырылған тәрбиелік көмек негізінде студенттер арасындағы теріс қылықтарға немесе құқық бұзушылықтарға әкелетін жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

